Малайзияның астанасына екі билет ұтып алыңыз
Біздің лоялдық бағдарламамызға қатысушыларға Куала-Лумпурға Air Arabia әуе компаниясының екі билетін сыйлаймыз. 1 жеңімпаз — 2 билет.
билеттер ұтыс ойыны
Ұтыс ойынның эфирі
Ұтыс ойынына қалай қатысуға болады
Ұтыс ойынына қатысу үшін Авиатаның лоялдық бағдарламасын белсенді пайдалануыңыз керек.

Әуе билеттерінің ұтыс ойынына екінші және одан жоғары деңгейлі пайдаланушылар қатысады.

Ойынның қорытындысын 2023 жылғы 5 қыркүйекте шығарамыз.
Куала-Лумпурда қайда баруға болады?
Петронас мұнараларына шығу
Бату үңгірлеріне бару
Мұнараларға сейсенбіден жексенбіге дейін сағат таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін шығуға болады. Кіру билеттері 8:30-да сатыла бастайды. Жұма күні жұма намазына орай жұмыс күні қысқартылады. Шағын экскурсия 80 ринггит тұрады, ол ақшаға сізге гидтер мұнаралардың тарихын айтып береді, 86-қабаттағы шолу алаңы мен мұнаралардың арасындағы көпірге апарады. Көру алаңына өз бетіңізбен бара алмайсыз.
Бату үңгірлері — Малайзиядағы ең танымал көрікті жерлердің бірі. Кешен 30 үңгір мен ғибадатханадан тұрады. Ол жаққа пойызбен бір сағатта жетуге болады.
Пойыз орталық вокзалдан жүреді және үңгірлерден бірнеше минут алыс жерде тоқтайды.
Қала базарларын аралау
Тропик жемістерінің дәмін тату
Петалиң көшесінен сіз әйгілі киім брендтерінің репликаларын сатып ала аласыз. Одан бөлек аксессуар, аяқ киім, тіпті текстиль де алуға болады.
Ал орталық базар — малай мәдениетін түсінуге және арзан зат алуға арналған керемет орын. Үйдегілерге базарлық аламын десеңіз, сол жерден алыңыз.
Алма мен апельсинге үйреніп қалғандарды мангостин, дуриан немесе салактың дәмін татып көр деп көндіре алмассыз. Бірақ бір рет жеп көрсеңіз, ештеңеңіз кетпейді. Басқа елге барғанда тамақтың түр-түрін жеп көру керек.

Сондықтан базарға барып, тропик жемістерін толтырып сатып алыңыз, қонақүйіңізге апарып, дегустация кешін өткізіңіз.
Air Arabia-ның Куала-Лумпурға ұшатын рейстері
Air Arabia әуе компаниясы Алматыдан Куала-Лумпурға аптасына 4 рет (сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі) ұшады. Жолда Шаржада ұшақ ауыстырылады. Биылғы қыркүйектің ортасынан бастап ұшақтар Алматыдан Куала-Лумпурға күн сайын ұшатын болады.

Малайзияға ұшатын борттардың моделі — Airbus A321 NEO LR, ішінде кең әрі ыңғайлы орындықтар мен ұзақ жолда алаңдатар ойын-сауық жүйесі бар.
Саяхаттауға ең жақсы уақыт
Желтоқсаннан ақпанға дейін және мамырдан тамызға дейін
Қонақүйлер
Ол жақта қонақүйдің түрі бар
Ақша
1 малай ринггиті 98 теңгеге тең
AirArabia туралы көбірек ақпарат