Ыстамбұлға Airbus Neo Long Range-пен ұшамыз
Airbus А321neo LR - ұзақ қашықтыққа ұшуға арналған А321neo-ның ұшу салмағы жоғары әрі фюзеляж дизайны оңтайландырылған жаңа нұсқасы. Ұшақ бизнес-класта 16 орын, эконом-класста 150 орынмен жабдықталған.
Бизнес-кластағы сапалы әрі толық жайылытан креслолар мен эконом-класстағы эргономикалық креслолар жайлы саяхаттаға мүмкіндік береді.
Егер бизнес-класпен саяхаттап жүрген болсаңыз, толық жазылатын креслода демалып алыңыз. Бизнес-класпен жалғыз саяхаттап жүрген жолаушылар 16 орынды кабинадағы «хан тағындай» төрт креслоның біріне жайғаса алады. Әр орын бір қатарды алып тұраған соң, жеке кеңістігі ұлғайтылған. Бизнес-кластағы жолаушының өзіне тиесілі 16-дюймдік мониторы бар.
Эконом-класпен саяхаттап жүрген болсаңыз, біздің орталықтандырылған KCTV системасы ұсынған жаңа фильмдер, танымал телешоулар мен музыкалық бағдарламаларды 10-дюймдік экраннан тамашалай аласыз.