FlyArystan-мен шетел аралаймыз
Астанадан, Шымкент пен Ақтаудан ұшатын бағыттар
Қайда ұшамыз?
Бағыттар
Баку
Дели
Баку өзінің архитектуралық ескерткіштерімен әйгілі. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген ескі Бакудың Ичеришехер қаласы ерекше назар аударады.
Сонымен қатар, қала мұнай кен орындары мен өнеркәсіптерімен танымал. Баку Әзірбайжан экономикасында маңызды рөл атқарады, оның Каспий теңізіндегі айлағы транспорт пен сауда үшін стратегиялық маңызды орын болып табылады.
Нью-Дели — Үндістанның астанасы, ең ірі қалалардың бірі. Қала өзінің тарихымен, мәдени мұрасы мен сәулетімен танымал. Бұл қазіргі заман мен дәстүрдің ерекше үйлесімі. Қазір бұл биік зәулім ғимараттар мен заманауи технологиялар, тарихи ескерткіштер мен көне көшелермен үйлесетін қала.
Ташкент
Бішкек
Ташкент — Өзбекстанның астанасы.
Оның екі мың жылдан астам ежелгі тарихы бар.
Ташкент тұрғындарының қонақжайлығы қаланы туристер үшін тартымды етеді. Дәстүрлі өзбек тағамдары, палауы, шелпек, самса және шорпа да осы қалаға барудың себептерінің бірі болып табылады.
Көршілеріміздің астанасы — Бішкек — елдің саяси, экономикалық және мәдени орталығы. Мұнда сіз кеңестік ескерткіштердің жанында заманауи сәулетті көре аласыз. Ол жерден Ыстықкөлдің жағажайына демалуға аттансаңыз болады.