саяхаты
редакциямыздың сүйікті қаласы
Ыстанбұлдың барқыт маусымына сапар жоспарлаңыз
Барар бұрын нені біліп алу қажет?
Виза керек пе?
Қазақстан азаматтары Түркияға визасыз бара алады. Әуежайда кеден қызметкерлері паспортқа елдің аумағында 30 күн жүруге рұқсат беретін мөр қойып береді.
Қай мезгілде барған абзал?
Қыркүйек пен қазан айлары Ыстамбұлда барқыт маусымы саналады. Температура 23-25 градусқа дейін түседі. Әлі де қаланы аралап, жағажайда жатып демалатын шақ.
Банкоматтан бірнеше лира шығарып алыңыз да, Ыстамбұл әуежайында Istanbulkart картасын сатып алыңыз

Қоғамдық көліктің ақысын сонымен төлей бересіз. Оны тіпті паромға мінерде де, арқан жолмен жүрерде де пайдалануға болады. Картаны кез келген метро банкоматынан алуға болады.
Бағасы — 10 лира, 4 лирасын жол ақысын төлеуге жұмсай аласыз. Ыстамбұлда бір-ақ рет пайдаланатын карта алғаннан гөрі Istanbulkart карта алып қыдырған арзанырақ шығады.
Ыстамбұлдағы must-do
Түрік тәттісін алу
Тәтті сататын наубайханалардың дәмханасына барып, лукум мен пахлава жеп көріңіз.

Травмайға міну
Істікләл көшесінің ең танымал белгісіне айналған травмай кешкі 8-де дейін Таксим алаңы мен Түнел бекетінің арасында жүреді.
Sapphire-ға шығу
Биіктігі 238 метр Жақұттың төбесінен бүкіл қала мен Босфор, Қара және Мәрмәр теңіздерін көруге болады.
Шопиң
Базардан өзіңізге керегін таба алмасаңыз, Cehavir, Kanyon Mall, Forum Istanbul, Istinye Park, Akmerkez-ге барыңыз.
Елдің тарихын көбірек біліңіз
Қалада Осман империясының тарихынан сыр шертер неше түрлі музей мен қамал бар.
Ыстанбұлға қалай барамыз?
Түркия саяхатын Авиатамен бірге жоспарлаңыз. Іздеу жүйесіне қалаңыз мен Ыстамбұлдың атын, ұшатын күнді жазсаңыз, қолданбамыз керегін тауып береді.
Авиата қолданбасында бүйтуге болады:

  • қосымша багаж, сақтандыру мен қайтару кепілдігін алуға болады;
  • ұшақ билетін қайтаруға және ауыстыруға болады;
  • билет алғаныңыз үшін бонус жинауға болады;
  • жолаушы деректерін сақтап қоюға болады;
  • қайда ұшқаныңыз бен қайда ұшатыныңызды көруге болады.