қолданбаны жүктеп алыңыз
Пойыз билеттері
Жайлы сапар шегу үшін Aviata қолданбасын жүктеп алыңыз
Choco-дан кетеді
2023 жылғы қазаннан бастап Choco қолданбасынан пойыз билет ала алмайсыз. Ол билеттер енді Aviata қолданбасында сатылады. Ал бұрын алған билеттеріңіз Aviata-дағы жеке кабинетте сақталады.
Choco билеттері
Неге Aviata қолданбасын жүктеп алған жөн?
Күту тізімі
Сіз қалаған күнге билет қалмаса, күту тізіміне жазылсаңыз болады. Орын босаған бойда оны сіздің атыңызға брондап қоямыз, кейін хабарлама жібереміз. Билетті 15 минутта сатып алуыңыз керек. Әйтпесе, ол кезекте тұрған келесі адамға өтеді.

Кейде сіз іздеген күннің билеттері сатылымға шықпаған болуы да мүмкін. Онда сатылым басталғаны туралы хабарға жазылсаңыз болады. Билет сатыла бастаған бойда сізге хабарлама жібереміз.
Ішінара төлеу
Қолданбада билет ақысының бір бөлігін төлеп қоюға болады. 5%-ын төлеңіз де, өзіңізге билет алып қойыңыз, қалғанын кейін төлеңіз.

Қалған соманы пойыз бірінші бекеттен шығарға кемі 1 күн қалғанда төлеу керек.
Ауыстыру
Жеке кабинетте билет ауыстыруға болады. Ауыстырарда жолаушының дерегін, жолға шығатын күн мен бағытты да өзгерте аласыз.

Ауыстырғанда билеттердің бағасы әртүрлі болса, айырмасын төлеуге тиіссіз.
Қолданбаны жүктеп алыңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз