Кейде жол жүреміз деп отырған жерде шаруамыз шығып, жоспарымызды өзгертуге мәжбүр боламыз.
Кейде жолға шығатын күнді, баратын жердің атын өзгертуге тура келеді. Тіпті жолаушының атын ауыстыруға мәжбүр болып жатамыз.
Бұрын пойыз билетін ауыстыруға болмайтын, кері өткізіп, орнына жаңасын алу керек болатын. Бірақ қазір жағдай өзгерді. Енді билеттерді оп-оңай ауыстыруға болады.
1-қадам — Авиата қолданбасына кіріп, ауыстыруға өтінім қалдырыңыз
2-қадам — не өзгерткіңіз келгенін көрсетіңіз (жолға шығатын күнді, жолаушының аты-жөнін, бағыт пен пойыздағы орынды)
3-қадам — айырмасын төлеңіз я жаңа билет арзанырақ болса, өтемақысын күтіңіз. Ауыстырылған билет жеке кабинетте тұрады.